Қазақстан орнитофаунасының анықтағышы. ІІ бөлім (Торғайтәрізділер отряды)
Об издании
Ұсынылып отырған туынды «Қазақстан орнитофаунасының анықтағышы» оқу құралының 2-ші бөлімі. Бірінші бөлімде Құстар класына жалпы сипаттама, олардың систематикасы және отрядтарын анықтайтын кесте мен Торғайтәрізділерден басқа отрядтарға толықтай анықтағыш және жеке түрлерге қысқаша сипаттама берілген. Торғайтәрізділер отрядына жататын құстардың үлесіне Қазақстан орнитофаунасының 55%-дан астамы тиесілі болғандықтан оларды жеке бөлім ретінде қарастырғанды жөн көрдік. Бұл анықтағыштың басқа анықтағыштардан айырмашылығы зертханада құстарды тұлыптары арқылы, табиғи ортада құстың нақты түрін анықтауға болатын белгілері сипатталған, яғни екі жағдайда да анықтағыш жұмыс жасай алады. Анықтағыш жаңа заман талаптарына сәйкес ашылып жатқан зерттеу университеттері мен барлық классикалық университеттердің «Биология және сабақтас ғылымдар» («Биология», «Биология-педагогика», «Биотехнология», «Экология», «Биомедицина», «Биоинженерия», «Генетика», «Микробиология» және т.т) және «Биологиялық ресурстар» («Балық шаруашылығы», «Аңтану және аң өсіру», «Орман шаруашылығы» және т.т.) мамандықтары бойынша білім алушыларға, табиғат қорғау мекемелерінің («Ерекше қорғалатын табиғи террриториялар»: қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықшалар, резерваттар және т.б.) қызметкерлеріне, сол сияқты орнитологияға қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
Библиографическая запись
Есжанов, Б. Е. Қазақстан орнитофаунасының анықтағышы. ІІ бөлім (Торғайтәрізділер отряды) / Б. Е. Есжанов, Қ. С. Мұсабеков. — Алматы : Дарын, 2023. — 388 c. — ISBN 978-601-269-167-2. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/135071.html (дата обращения: 18.12.2023). — Режим доступа: для авторизир. пользователей
РЕКОМЕНДУЕМ К ПРОЧТЕНИЮ
Наметкулова Р.Ж., Кадиримбетова А.К.
(KEMEL KITAP)
Туремуратова Г.Т.
(EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа)
Тілегенов И.С., Кабдушев А.А.
(KEMEL KITAP)