Паралимпиада және адаптивті спорт негіздері (Арнайы Олимпиада және Сурдлимпиада). Оқу құралы
Об издании
Бұл оқу құралында соңғы уақыттардағы ғылыми әдебиеттер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелік ақпараттар ескеріле отырып, белгілі жаттықтырушылар мен мамандардың іс-тәжірибелеріне негізделген мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар, мұнда қолда бар мәліметтерді жүйелендіру мүмкіндігі жасалып, жаңа бастаушыларға ойынның тәсілдерін игерудің қадамдық стратегиясын оңай қабылдау үшін ыңғай жасалған. Осы оқу құралынан паралимпизм қозғалысы, адаптивті спорт мақсаты, міндеттері, принциптері, бағыттары мен классификациялары, ондағы жаттығу, дайындық және жауапкершілік мәселелері туралы мәліметтерді кездестіруге болады. Спорт саласының арнайы мамандандырылған бағытына арналған бұл кітап қазақ тілінде алғаш рет шығарылып отыр. Аталған оқу құралы Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Арнайы олимпиада және Сурдлимпиадалық білім мен спорт түрлеріне кызығушылық танытатын жалпы оқырмандарға және спорттың осындай мамандандырылған түрлерімен айналысып бастаған азаматтарға, сондай-ақ, дене тәрбиесі мен спорт бағытындағы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, сондай-ақ жаттықтырушылар мен сала мамандарына пайдалануға болады. Кітап Қазақ спорт және туризм академиясының құрылуының мерейлі 75 жылдығына арналады.
Библиографическая запись
Доскараев, Б. М. Паралимпиада және адаптивті спорт негіздері (Арнайы Олимпиада және Сурдлимпиада) : оқу құралы / Б. М. Доскараев, С. Б. Караков, Е. Т. Алтынбек. — Алматы : Қазақтың спорт және туризм академиясы, 2019. — 164 c. — ISBN 978-601-7964-19-1. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/133701.html (дата обращения: 20.10.2023). — Режим доступа: для авторизир. пользователей
РЕКОМЕНДУЕМ К ПРОЧТЕНИЮ
Гуц С.И., Коняев В.М., Кособлик Е.В., Горденко Д.В.
(Ай Пи Ар Медиа)