Бауыржантану. Оқу құралы
Об издании
Б.Момышұлы - сан қырлы тұлға. Оның бойындағы жаратылысынан дарыған түрлі қасиет ұлттық руханиятымызға ерекше ықпал етіп, ХХ ғасырдың ең дарынды тұлғаларының бірі ретінде танымал болды. 2010 жылы Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтой қарсаңында батырдың отыз том кітабы баспадан шықты. Бірнеше ғылыми диссертация қорғалып, монографиялар жарық көрді. Дәл осы кезеңнен бастап бауыржантану жеке ғылым ретінде қалыптасты десе болады. Ал, ТарМУ қабырғасында бауыржантану жеке пән ретінде оқытылып келеді. Студенттердің аталмыш пәнге деген қызығушылығы орасан зор. Алайда бұл пәнге арналған жеке оқу құралы, болмаса оқулық жасалмаған. Сондықтан авторлардың дайындаған бұл оқу құралы осы кемшіліктің орнын толтыруға негіз бола алады. Еңбек әдеби тілмен қызықты, әрі тартымды жазылған. Аталмыш оқу құралын жоғарғы оқу орындарда оқитын білімгерлердің оқу процесінде және көпшілік кітап сүйер қауымның пайдалануына болады. Оқу құралы Жамбыл облыстық мұражайы жанындағы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп дайындалды.
Библиографическая запись
Мұқашев, Т. Ә. Бауыржантану : оқу құралы / Т. Ә. Мұқашев, А. М. Мұқашева. — Алматы : Дарын, 2023. — 252 c. — ISBN 978-601-7377-50-2. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/136945.html (дата обращения: 01.03.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей