Чтение online
Недоступно
Рейтинг издания
Поделиться:

Электр тораптары. Оқу құралы

Издательство:
Нур-Принт
Авторы:
Матаев Ө., Үмбетқұлов Е., Абдурахманов А.
Год издания:
2015
ISBN:
978-601-7390-79-2
Тип издания:
учебное пособие
DOI:

Об издании

Электрлендіру, яғни халық шаруашылығының барлық салаларында және халық тұрмысында электр энергияны өндіру, тарату және оны қолдану – техникалық прогрестің маңызды факторы болып табылады. Электрлендірудің негізінде өндіріс дамыды, электр энергиясы ауыл шаруашылығы мен транспортқа енді. Өзара қуатты энергия жүйелеріне біріктірілген ірі аудандық электр станциялары сенімді, жоғары сапалы және арзан электр энергиясымен жабдықтайды, бұған негізгі себеп - электр станцияларды арзан энергия көздері көмір, үлкен өзендердің жанына жайғастыруға болады. Негізінде ауыл шаруашылығын орталық электрмен жабдықтауға көшіру мәселесі шешілген. Ауылдық елді мекендерде барлық тұрғын үйлердің электрлік кірмесі бар. Электр берілісінің ауа желілерімен түгелдей деуге болады барлық ауылдық елді мекендер қамтылған. Ауылдық жердегі өндірістік мекемелер және елді мекендерді электрмен жабдықтауының өндіріс пен қалаларды электрмен жабдықтаумен салыстырғанда өзінің ерекшеліктері бар. Олардың бастысы - елдің барлық территориясында жайғасқан салыстырмалы азқуатты нысандардың үлкен санына электр энергиясын жеткізу қажеттілігі. Нәтижесінде тораптардың ұзындығы халық шаруашылы-ғының басқа салаларындағы (тұтынушы қуатының бірлігіне шаққанда) бұл шамадан көп есе асып кетеді, ал ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтаудың құны электрлендіру дің жалпы құнының 75% дейін құрайды. Жоғарыда айтылған мәселе ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау проблемасының зор маңызы бар екенін көрсетеді. Оның оңтайлы шешілуіне көбінесе ауыл шаруашылығы және ауыл тұрғындарының тұрмысындағы электр энергияны қолдануының экономикалық тиімділігі тәуелді. Электрмен жабдықтау жүйесінің ең маңызды көрсеткіші электр энергиясын берудің сенімділігі. Қандай болмасын ағыту - жоспарлы (ревизия және жөндеу) және кездейсоқ, апатты - тұтынушыға және энергия жүйесінің өзіне үлкен ысырап келтіреді. Сондықтан ауылшаруашылық тұтынушыларын оңтайлы сенімділікпен электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін әсерлі және экономикалық тұрғыда орынды шамаларды қолдану қажет.

Библиографическая запись

Матаев Ө. Электр тораптары : оқу құралы / Матаев Ө., Үмбетқұлов Е., Абдурахманов А.. — Алматы : Нур-Принт, 2015. — 99 c. — ISBN 978-601-7390-79-2. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/67180.html (дата обращения: 27.12.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей

РЕКОМЕНДУЕМ К ПРОЧТЕНИЮ

C ЭТОЙ КНИГОЙ ТАКЖЕ ЧИТАЮТ

Этот сайт использует «cookies». Условия использования «cookies» см. в Пользовательском соглашении. Также сайт использует инструменты для сбора технических данных касательно посетителей с целью получения маркетинговой и статистической информации. Условия обработки данных посетителей сайта см. в Политике конфиденциальности. В случае несогласия с обработкой данных, просим покинуть сайт Принять условия